Өтегенов көшесінің құрылыс жұмыстары аяқталуда

Oinet.kz 01-11-2022 321

Өтегенов көшесінің 1-кезеңі “Шымкент Сити” шағын ауданынан Сырым батыр көшесі аралығын қамтиды. Бүгінде жол құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

Screenshot_1.jpg

Кезеңнің жалпы ұзындығы 970 шақырым, ені - 28 метр. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты. 

Аталған нысан бойынша алдымен автомобиль жолына жер негізін жасау және тығыздау жұмыстары атқарылды. Қазіргі таңда, асфальт жабындысының 2-ші қабатын төсеу жұмыстары жүргізілді. Мамандардың айтуынша, құрылыс-монтаж жұмыстары қараша айының 10-на дейін аяқталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, шағал тас төсеу, ирригациялық арық және тротуар орналастыру жұмыстары толығымен аяқталды.

Бүгінде қаламызда жөндеу жоспарланған 308 көшенің 270 көшесінде жұмыстар толығымен аяқталған.

Түркістан: «Жасыл белдеу» ұлғаяды
Шымкентте Д.Айтмұратовтың қатысуымен семинар кеңес өткізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу