Экстремизм мен терроризм мәселесі талқыланды

Oinet.kz 03-11-2022 381

49.jpg

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен терроризмге қарсы комиссиясының отырысы өткізілді. Оған аудан, қала әкімдері, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.  Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжілісте Облыстық дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы, Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Д.Болатханұлы, Қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Е.Төлебаев баяндама жасады.

Күн тәртібінде облыс аумағындағы діни тұрақтылықты сақтау және тұрғындар мен жастар арасында теріс діни идеологияның таралуының алдын алу жұмыстары сарапталып, бірқатар мәселелер талқыланды.

Оның ішінде жастардың діни экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитетін қалыптастыру және интернет кеңістіктердегі қауіпті ақпараттық материалдардан сақтандыру, қарсы насихаттық шараларды күшейту бағытында сөз қозғалды. Ой-пікірлер айтылып, қатысушы тараптар тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар нақтыланды.

Отырысты қорытындылай келе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына бірқатар нақты тапсырма берді. Соның ішінде, терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша халықтың сауаттылығын арттыратын іс-шараларды жиі ұйымдастырып тұру, имамдардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ, білім орындарында терроризмге қарсы іс-әрекет бойынша насихат жұмыстарын күшейтуді жүктеді.


Түркістанда 3 кәсіпорын іске қосылады
Түркістанда денсаулық сақтау көрсеткіштері жақсарған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу