Әкім халықпен қоғамдық көлікте сұхбаттасты

Oinet.kz 01-11-2022 287

41.jpg

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Манкент ауылдық округінің тұрғындарымен шағын автобусқа отырып, қоғамдық көлікпен аралап, сұхбаттасып қайтты. Аралауға аудандық мәслихаттың хатшысы Шамхат Халмұрадов және аудандық мәслихаттың депутаты саяра Даванова қатысты. 

Экскурсия түрінде өткен кездесуде ауыл халқының тыныс-тіршілігі мен атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының барысы талқыланды. Өз кезегінде белсенді ақсақалдар көшені жарықтандыру, жолды кеңейту, бағдаршам және жол белгілерін орнату секілді бірқатар мәселені алға тартып, тиісті шешімін табуды сұранды. 

Манкент ауылдық округінің әкімі Абдугани Сайтмуратов жалпы ұзындығы 2,7 шақырым жолды құрайтын Жаңа хаят және Навои көшелерінде атқарылған жұмыстарды таныстырды. Бірнеше жыл бойы ескіріп, тозығы жеткен жолдарды орта жөндеуден өткізуге ауыл бюджеті есебінен 32,3 млн. теңге қарастырылған. 

Мердігер мекеме «Сайрам-ата» ЖШС-і тарапынан құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айында басталып, қараша айында аяқталды. 

Келесі кезекте ауылдың орталығынан басталатын Жібек жолы ауылдық округіне қарай жалғасатын ұзындығы 13 шақырымды қамтитын аудандық маңызы бар KX-40 «Ақсу-Манкент-Жібек Жолы» автокөлік жолына жүргізіліп отырған күрделі жөндеу жұмыстарын көрсетті. Аталған жол құрылысына аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тапсырыс берген. Бүгінгі таңда тапсырысты орындап отырған мердігер мекеме - «Шымкентдорстрой» ЖШС-і. Техникалық қадағалаушы мекеме - «Тұран Құрылыс-1» ЖШС-і. Жол құрылысына жоғарғы бюджеттен 1 млрд. 547 млн. аса қаражат қаралған. Биылғы жылға республикалық бюджеттен 450 млн. теңге қарастырылған қаржыға кезең-кезеңімен құрылысы жүргізілді. Пайдаланысқа тапсыру мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айына жоспарланған. 

Аудан басшысы ауылдық округінің әкіміне мердігерге жол сапасына назар аударудың қажеттілігін ескерте отырып, талап етуді, сондай-ақ тұрғындардың өтініштерін зерделеуді тапсырды. 

Бұдан бөлек, басшыға көше тұрғындары мен ауыл билері өздерінің ризашылықтарын жеткізді. 

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Манкенттегі мәселелер шешімін табады
Мәдениеттің майталмандары алғысқа бөленді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу