Сайрамда медорталық ашылды
Сайрам ауданының Манкент ауылдық округіндегі «Медикал центр Манкент» жекеменшік заманауи медициналық орталығы ашылды. Игі шараға аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков қатысып, жаңа нысанның ашылуымен өңір тұрғындарын құттықтады.
Медициналық кешен бір мезетте 300 науқасты қабылдауға қауқарлы. Кәсіпкер Ырысалы Бекенов өз есебінен аталған нысанға 280 млн теңге көлемінде қаржы жұмсаған. Емхана басшысы орталыққа тәжірибелі, жоғары кәсіби білікті мамандар қабылданып жатқанын тілге тиек етті. Алдағы уақытта науқастарға сапалы қызмет көрсетілетін болады.
Айта кетелік, ауылдық округке Манкент және Аққала елді мекендерінде 34 мыңнан астам тұрғынға «Манкент» бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы қызмет көрсетеді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі