«Түркістан – Жаңа Қазақстан тұғырында»

Oinet.kz 29-10-2022 302

10.jpg

Түркістандағы «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасында «Түркістан – Жаңа Қазақстан тұғырында» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Байдулла Жұмадуллаұлы, облыстық ардагерлер алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов қатысты. 

– Еліміздегі қалалардың ішінде Түркістан шаһарының орны ерекше. Тарихи қаланың бүгінгі жаңарған келбеті де аса шырайлы, көңіл бұрарлықтай ғажайып. Экономикалық, әлеуметтік, мәдени даму жағынан да Түркістанның мәртебесі жоғары. Шаһардың гүлденуі – ол сіздердің ортақ еңбектеріңіз», – деді Байдулла Жұмадуллаұлы құттықтау сөзінде. 

Қала күніне арналған рухани кеште «Түркістан – рухани құндылығымыздың астанасы» атты кітап және «Қол өнерім – мол өнерім» ұлттық қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Жиын барысында қаланың дамуына үлес қосқан бірқатар азаматқа қала әкімінің арнайы алғыс хаты табысталды. 

Мерекелік іс-шарада мәдениет үйінің өнерпаздары және Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, танымал әнші Жұбаныш Жексенұлы әннен шашу шашып, қала қонақтары мен тұрғындарына керемет көңіл күй сыйлады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


Дархан Сатыбалды: Кәсіпкерлікті қолдауға баса назар аудару керек
«Тұран барысы» басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу