«Парасат» мәселелерді шешуде

Oinet.kz 25-08-2022 232

Screenshot_6.png

Түркістан облысында халық пен биліктің арасындағы диалогты нығайтуға арналған «Парасат» пікірталас клубтары жұмыс істеп тұр. Мақсат – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»  тұжырымдамасын іске асыру, елдің мұң-мұқтажын, мәселесін жедел шешу.  Пікірталас клубы Түркістан облысы, Сайрам ауданында пилоттық жоба ретінде құрылды. Тиімділігі анықталып, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен барлық аудан, қалада «Парасат» клубтары жұмысын бастады. 

Бүгінгі таңда облыста өзекті мәселелер қызу талқыланатын бірегей орта құрылды. Бұл жұмысты үйлестіруге аудан, қала әкімдіктері мен «Amanat» партиясының филиалдары бірлесе жұмыс атқаруда. Қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша қызу пікір алмасу ешкімді бей-жай қалдырмайды және клуб отырысының әрбір қатысушысының пікірі тыңдалып, назарға алынып жатыр. Клуб құрамына белсенділер, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, БАҚ және түрлі этностардың өкілдері, депутаттар мен жастар енгізілген. 

Клуб отырыстарында көтерілген мәселелердің біразы шешіліп үлгерді. Мысалы, жиындардың бірінде белсенділер өзен арналарында құм мен қиыршық тас қоспасын заңсыз өндіруге назар аударды. Осыған байланысты, облыс әкімінің тапсырмасымен құқық қорғау органдарының, экологтардың және жұртшылықтың өкілдерінен мобильді топ құрылды. Нәтижесінде облыста заңсыз карьер қазып жүрген 24 нысанның жұмысы тоқтатылды.

Клуб отырыстары – халық пен мемлекеттік органдар арасындағы диалог алаңы. Онда клуб мүшелері тұрақтылықты сақтай отырып (наразылық акцияларына жеткізбей), проблемалық мәселелерді белсенді талқылайды және олармен пікір алмасады. Аудан, қала әкімдері мен мекеме басшылары елдің ұсыныстарын тыңдайды. 

Бүгінгі күні облыстың 17 аудан, қаласында клубтың 40-тан аса отырысы өткізіліп, 70-тен аса сала бойынша өзекті мәселелер қаралды. Оның ішінде Келес ауданындағы Абай ауылындағы ауыз су және жер беру мәселелері қаралып, жұмыс басталды. Түлкібас, Шардара аудандарында коммуналдық қызметтер (су, электр жарығы, газ, тазалық және т.б.) мен жайылым жерлерді қайтару мәселелері қаралып, шешу жолдары талқыланды. Өзге аудан, қалаларда да ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, әкімдіктер мен жергілікті тұрғындар бірлесе жұмыс атқарып жатыр. 

«Нәтиже» - қолайлы, қолжетімді жоба
«Алтын адам» фабрикасы мектеп формасын тігуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу