Биыл Түркістан қаласында 6 мыңнан аса оқушы мектеп табалдырығын аттайды

Oinet.kz 25-08-2022 277

Screenshot_27.png

Түркістан қаласында 1-сыныпқа құжат қабылдау жұмысы аяқталды. Биыл 6 мыңнан аса бала мектеп табалдырығын аттайды.  Үш айдың ішінде балаларды 1 сыныпқа қабылдауға 6 мыңнан аса жуық өтініш түскен. Оның ішінде балалардың 80%-ға жуығы мемлекеттік тілде оқуды таңдады. 

Бірінші сыныпқа бару үшін құжат қабылдау 1 сәуірде басталып 1 тамызда аяқталды. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Оқу-ағарту министрлігі қызметті автоматтандырып, құжаттарды egov.kz веб-порталы арқылы қабылдады.  Сондай-ақ ата-аналар дәстүрлі қағаз форматында да тапсырған. 

“Енді мектептерде оқу-тәрбие үрдісін сапалы жоспарлау мен ұйымдастыру, оқулықтарды тарату, сыныптарды қалыптастыру және басқа да ұйымдастыру жұмыстары басталады. Құжат қабылдау басталған үш ай ішінде 6245 өтініш түсті. Оның 3026 жуығы электронды форматта қабылданды. Қалған 3219 өтінімді дәстүрлі форматта тапсырды. Сонымен қатар, мемлекеттік тілде білім алғысы келетіндердің саны бүгінде 80%-ға құрады”-деді адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы. 

Биыл қаламызда 2022-2023 оқу жылын 34 мектеп (оның ішінде 32 жалпы орта мектеп, 21 балабақша, 1 мектеп-балабақша кешені, 1 кешкі мектеп), 7 мектептен тыс мекемелер бастағалы отыр.

Сонымен қатар, Түркістан қаласында 87 балабақша, 19 мектеп мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жұмыс жасайды.

Айта кетейік, жаңа оқу жылының қарсаңында Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Оқушылар сарайында ерекше мерекеге қатысып, бүлдіршіндердің өнерін тамашалады. Сонымен қатар, балаларға сый-сияпат жасап, ізгі ниетін арнады.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы жылды балаларға арнауы баршамызға үлкен міндет жүктейтінін атап өткен Нұрбол Әбдісаттарұлы:

- Ең үлкен бақыт балалардың күлкісінде. Бүгінгі жиынды пайдалана отырып, осы бүлдіршіндеріміздің риясыз күлкісі үшін еңбек етіп жүрген азаматтарға да Алғысымды жеткізгім келеді! - деді.

Іс-шараға сондай-ақ, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, әйелдер кеңесінің төрайымы Ұлжан Әбенқызы, әжелер алқасының төрайымы Серім Айғаным, қалалық мәслихаттың хатшысы Мақсат Асылбекұлы, мәслихат депутаты Ғаппар Амантайұлы қатысып, бүлдіршіндерге құттықтауын арнады.

"Мектепке жол" акциясы аясында ұйымдастырылған "Мейірім" іс-шарасына 200-ге жуық бала келіп, сыйлық алды. Ай ішінде 1000-нан астам бүлдіршінді мектеп қажеттіліктерімен қамту жоспарлануда.


«Түркістанды көргім келеді» жобасы қорытындыланды
Түркістанда ашық аспанды демалыс орны ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу