Сауранда АГТС іске қосылды

Oinet.kz 23-08-2022 274

Screenshot_18.png

Түркістан облысы, Сауран ауданында №16 «Ескі Иқан» автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылды.  «Бейнеу-Шымкент» магистралды газөткізгішінің 1285 шақырымындағы станция Ескі Иқан ауыл округіндегі 7 елді мекенді газбен қамтиды. АГТС-тің жалпы құны – 1248,8 млн. теңге, қуаттылығы – 33 000 м3/сағатына, жалпы ұзындығы – 11,546 шақырым. Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Роза Сариеваның айтуынша, өңірде газбен қамту жұмысы қарқынды. 

– «Ескі Иқан» автоматтандырылған газ тарату станциясы арқылы Сауран ауданындағы 7 елді мекен газбен қамтылып отыр. Жалпы 55 мың тұрғын «көгілдір отынның» игілігін көреді. Енді тұрғындар заңға сәйкес, үйлеріне газды кіргізіп алулары керек. Бұдан бөлек Мақтаарал ауданындағы АГТС қуатын молайттық. Қазығұрт ауданында да бір АГТС пайдалануға беруге дайын тұр. Елдің өмір сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасады, – деді ол. 

«Ескі Иқан» АГТС арқылы Сауран ауданындағы Ескі Иқан, Шаға, Қазақстанның 30 жылдығы, Ойық, Шоқтас, Ибата, Бершінтөбе елді мекендері табиғи газға қосылады. Сонымен бірге Түркістан қаласында орналасқан «Hazret Sultan International Airport» әуежайы да газбен қамтылады.

Педагогтар бас қосты
Кәсіпкерлікке кедергі келмесін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу