273 бизнес идея қаржыландырылады

Oinet.kz 28-07-2022 228

Screenshot_5.png

Қазақстанның қарқынды дамып, ең озық отыз елдің қатарына қосылуының тағы бір алғышарты – жұмыссыздықпен күрес. Осы ретте «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар арасындағы жұмыссыздықты жою, алдағы 5 жылда Қазақстанда беделді деген халықаралық 5 ЖОО филиалын ашу, халық тығыз орналасқан өңірлердің жастарына гранттар бөлу, әскери борышын өтеуге ынталандыру, «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысу мерзімін ұзарту, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында тиісті грантты 400 АЕК-ке дейін ұлғайту бойынша Үкіметке бірқатар тапсырмалар берген болатын. Бұл елімізде жұмыссыздықпен күрестің құралы әрі жастарға берілген үлкен мүмкіндік екенін естен шығармаған жөн. 

Жұмыссыздықпен күрес, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар Түркістан қаласында сәтті жүзеге асырылып келеді. 

Жақында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес,  секторларда "Бастау бизнес" жобасына қатысу, "business.enbek.kz" порталына өтініш білдірудің қадамдық алгоритмі, мемлекеттік грант және атаулы әлеуметтік көмек тағайындау ережелерінде орын алған өзгерістер бойынша тұрғындармен кездесулер басталды.

 Яссы секторында өткен алғашқы жиынға қала әкімінің кеңесшісі Аңсарбек Әбдіқұлов, "Жұмыспен қамту орталығының директоры Ақмарал Жулаева қатысып, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.

 Облыс орталығында бұл бағытта былтырғы жылы жүйелі жұмыстар ұйымдастырылып, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 298 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, 256 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант қаражаттары ұсынылды. Ал биылғы жылы кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі мемлекеттік қолдау шаралары жөніндегі жоспар көрсеткіші еселеніп, 360 азаматты онлайн форматында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және 273 азаматтың бизнес идеяларын қаржыландыру көзделіп отыр.

Облыс орталығы жаңа нысандармен толығады
«Teṅ qoḡam»-ның көмегі көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу