Жылы суда 25 көшеге асфальт төселеді

Oinet.kz 21-07-2022 267

Screenshot_8.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында және билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту, қоғамды одан әрі демократияландыру мақсатында Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы бекітілген кестеге сәйкес Жылы су ауылдық округі тұрғындарымен Әл-Фараби елді мекенінде орналасқан №41 Х. Доспанова атындағы ЖОМ ғимаратында, ашық аспан астында кездесу өткізді.

Басқосуға аудандық мәслихат депутаты Рүстем Наматуллаев пен Түркістан облыстық “Парвиз” этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Юлдаш Сұлтанов, аудан әкімінің орынбасары мен дербес бөлім басшылары, тиісті сала мамандары мен округ тұрғындары қатысты.

Ашық жүздесуде аудан басшысы жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасап, алдағы атқарылатын жұмыстар мен жобаларға тоқтала кетті. Сонымен қатар, кездесуде Мұрат Болатұлы халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, ауылдық округтегі II тоқсанда кездесу барысында көтерілген өзекті мәселелердің орындалу барысын айтып өтті. 

Жылы су ауылдық округі бойынша жалпы ұзындығы 57,94 шақырымды құрайтын 68 ішкі көше орналасқан. Округ аумағындағы жөндеуді қажет ететін ішкі көшелерге бюджеттің мүмкіншілігіне қарай кезең-кезеңімен орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, 2022 жылы “Ауыл - ел бесігі” бағдарламасы бойынша 371 млн 404 мың теңгеге ауылдық округтегі Жылы су, Баққоныс және Байқоныс елді мекендеріндегі жалпы ұзындығы 18,9 шақырымды құрайтын 23 көшеге орташа жөндеу (асфальт төсеу) жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 11 көшенің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 

Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен 29 млн 113 мың теңгеге жалпы ұзындығы 1,13 шақырымды құрайтын Мырзашоқы елді мекеніндегі Береке және Баққоныс елді мекеніндегі Ақбұлақ көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 

18 млн 880 мың теңгеге Сейфуллин елді мекенінен Кәрім ата ауылына дейінгі аралыққа ұзындығы 1,6 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілерге арнайы жол салу жұмыстары жоспарланған.

Баққоныс елді мекенінен спорт алаңшасын салу үшін қазіргі таңда жер телімі қарастырылуда. Арнайы жер телімі анықталған соң спорт алаңшасын салуға тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. 

Кездесуде округ тұрғындары тарапынан сұрақтар қойылып, толғандырған барлық мәселелерге аудан басшысы кезекпен жауап берді. Кездесу соңында мәселесін жеке айтамын деген тұрғындарға аудан әкімі жеке қабылдау өткізді.

Еске сала кетейік, халықпен кездесуге дейін аудан әкімінің төрағалығымен әкімдікте жиын өткен еді. Жиында Жылы су ауылдық округінің өзекті мәселелері ортаға салынды. Атқарылған жұмыстар сараланып, өзекті мәселелердің шешу жолдары ұсынылды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшылары  тиісті сала мамандары қатысты.

Мырзашоқы елді мекеніндегі қолданыстағы ауыз су мұнарасы жаңадан құрылысы жүргізілген ауыз су жүйесіне  қосылатын болады. Қазіргі таңда жаңадан жүргізілген ауыз су жүйесін іске қосу мақсатында «ОңтүстікАуызСу» РМК мекемесінің теңгеріміне беру рәсімдері жүргізілуде. Елді мекендегі   ұзындығы 830 метрді құрайтын Береке көшесіне 2022 жылы жергілікті бюджет есебінен орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 22,1 млн теңге бөлініп, мердігер мекеме «Ырысты-Береке» ЖШС келісім шарт түзілген.

Баққоныс елді мекенінде 2022 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жалпы ұзындығы 3,05 шақырымды құрайтын Момышұлы, Майтөбе, Яссауий, Жоба, Самұратов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін республикалық және облыстық бюджет есебінен 51,9 млн. теңге бөлінген. Мемлекеттік сатып алу қортындылары негізінде «Бархан 5» ЖШС және «Atash Trans Logistics» ЖШС келісімшарттар түзілген.

Жетісай жүзімдері республикада жоғары сұранысқа ие
Жетісайлық кәсіпкерлер қарт майдангердің алғысына бөленді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу