«Қызылжарда» көшелер жөнделуде

Oinet.kz 19-05-2021 1068

Screenshot_8.png

Республикалық маңызы бар үшінші қалада жол жөндеу жұмыстары қарқын алған. Айталық  «Қызылжар» шағынауданында көшелерді орташа жөндеу және Құртаев көшесінде шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілуде. 

Таяуда қала әкімі Мұрат Әйтенов №10 көшені орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысып қайтты. Ұзындығы 0,8 шақырым көшені жөндеу жұмыстарына жауапты – «АГАТ» ЖШС. 

Одан бөлек, қазіргі таңда 0,4 шақырым Гаражная, 0,5 шақырым Ақтансай, 1,0 шақырым Жусанды көшелерінде құрылыс жүргізілуде. Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 5 шақырым көше жөндеуден өтеді дейді салаға жауапты мамандар.

Қазіргі таңда Арыстанды, Сұлусай, Арқалык, №25 көшелеріне бюджеттен қаржы қаралған. Мамыр айының соңына дейін мердігерлер анықталады. Шағынауданда жалпы жол ұзындығы – 57,9 шақырым. Асфальт жол - 34,3 шақырым, тас жол – 20,4 шақырым, топырақ жол – 3,2 шақырым. Сонымен қатар, шағынауданға 10 бағыт бойынша қоғамдық көлік қатынайды.

Айта кетейік, Шымкент қаласында асфальтталған жолдардың жалпы ұзындығы – 2 029,2 шақырым. Қалада 2021 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша бірқатар нысандарда жұмыстар аяқталды. Өңірлерді дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жыл басынан бері шұңқырларды жамау (3500 шаршы метр), тегістеу қабатын салу (1000 шаршы метр) жұмыстары орындалды. Ағымдағы жөндеу жұмыстары бірінші кезекте көлік қарқыны жоғары және қала орталығындағы магистралды көшелерде атқарылуда. Атап айтқанда, Жолан батыр, Саттарханов, Қазиев, А-2 автомобиль жолы, Бекболатов, Т.Рысқұлов (Дулати-Сайрам), Елшібек батыр және Тәуке хан көшесінде (Сайрам-Өндірістік аймаққа дейін) жөндеу жұмыстары жүргізілуде.



Жаңаталаптықтар биыл сапалы ауызсуға қосылады
АГРС-3 нысанының құрылысы бітуге таяу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу