АГРС-3 нысанының құрылысы бітуге таяу

Oinet.kz 19-05-2021 1158

Screenshot_9.png

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов энергетика және коммуналдық шаруашылық саласындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының іске асырылуын бақылап қайты.

Шаһар басшысы алдымен №3 автоматты газ-реттегіш станциясының (АГРС-3) құрылыс барысымен танысты. Құрылысқа жауапты мердігер мекеме – «StroyGazCompany» ЖШС. Жобаның жалпы құны – 9,3 млрд теңге. 

Жалпы газ құбырының ұзындығы – 59,0 шақырым. Бүгінде АГРС-3 нысанының техникалық құрал-жабдықтары 100 пайыз орнатылып, құрылыс-монтаж жұмыстары 96 пайызға орындалды.

Қала әкімі бұл жобаның маңыздылығын, қала тұрғындарына керектігін және қала дамуына әсерін тағы бір түсіндіріп өтті. «Шымкентті көркейту үшін инфроқұрылымдарды дамытуға қомақты қаржы бөлінді. Жобаны жүзеге асыру шаһардың келешекте үш онжылдыққа алға дамуына мүмкіндік береді.  Бұл стратегиялық маңызды нысан. Қаламыз үшін өте қажет газ тарату станциясы. Сондықтан жұмысты қарқынды жүргізу керек»,- деді шаһар басшысы.

 Атап өтсек, нысан іске қосылса халықтың көгілдір отынмен қамтылуы 100 пайызға жетеді. Автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы қаланың ары қарай дамуына зор жағдай тудырады. Табиғи газға жаңа тұтынушыларды өндіріс орындарын қосуға үлкен мүмкін береді. Мұнымен қоса жаңа газ стансасының жоғары және төменгі қысымдағы газ құбырлары қаланы бір жағынан Бейнеу- Бозай-Шымкент газ магистралімен қосса, екіншіден- Шымкент төңірегіндегі барлық елді-мекендерді көгілдір отынмен қамтуға мүмкіндік туғызады. Станция бір сағатта 250 мың текше газды таратуға қауқарлы. Соңғы үлгідегі автоматтандырылған газ тарату станциясы миллион халқы бар қаланы толық газдандыруға мүмкіндік береді.


«Қызылжарда» көшелер жөнделуде
Ассамблеялықтар Риддерге көмек жіберді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу