Қазығұрт ауданында 6 ауылға газ беріледі

Oinet.kz 18-03-2021 479

WhatsApp Image 2021-03-18 at 13.28.37 (3).jpeg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында барды. Аймақ басшысы аудандағы елді мекендерді табиғи газбен қамтамсыз ету жұмыстарының барысымен танысып, тұрғындармен кездесті.

Биыл шілде айында Қазығұрт ауданындағы бірнеше елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етіледі. «Қақпақ» автоматты газ бөлу станциясының құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталған болатын. Газ құбырлары Қызылқия ауыл округіне қарасты Қызылсеңгір, Тұғыртас елді мекендері мен Қақпақ ауыл округіне қарасты Заңғар, Қақпақ, Сырлысай ауылдарын қамтып, сонымен қатар Сарыағаш ауданының Бағыс елді мекеніне дейін тартылған.  Екі мыңнан астам отбасы мекен еткен алты елді мекенде халық саны 12 мыңнан асады. Қазығұрт ауданы 73 пайыз газбен қамтылған. Бүгінде екі газ нысанының құрылысы жүргізілуде.

Сапар барысында облыс басшысы Қақпақ ауылдық округіндегі Сырлысай елді мекенінде орналасқан орта мектептің жағдайымен танысты. Ауданда  білім  сапасын  көтеру,  жаңа  жұмыс  орындарын ашу мақсатында Сырлысай елді мекенінен 200 орындық мектеп ғимаратын салу жоспарлануда.

WhatsApp Image 2021-03-18 at 13.28.47 (1).jpeg

Өмірзақ Шөкеев Сырлысай ауылында орналасқан ет өңдеу цехында болды. Германиялық құрылғымен жабдықталған өндіріс орны тәулігіне 5 тонна ет өнімдерін өндіреді. Мұндағы ірі қара малды бордақылау алаңы 1200 бас малға есептелген. Цехте шұжықтың 12 түрі шығарылады. Алдағы уақытта өндіріс орнын Түркістан қаласынан ашу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қазығұрт ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі индустриалды аймақта орналасқан майсыздандырылған құрғақ сүт, сары май және ауыз су өндірісінде болып, ондағы жұмыс барысымен танысты. Облыс әкімі аудан басшысына нақты тапсырмалар беріп, бірқатар міндеттер жүктеді.


Түркістан облысында 3000 бала қатысқан фестиваль жеңімпаздары марапатталды
Төлеби ауданында 180 отбасы баспаналы болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу