Төлеби ауданында 180 отбасы баспаналы болады

Oinet.kz 19-03-2021 359

f0951ed5-73c1-495a-8a3c-a5831d0adf72.jpg

Түркістан облысында өңір орталығы Түркістан қаласы ғана емес, аудандарда да құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Көпқабатты тұрғын үйлер бой түзеп, зәулім ғимараттарда қоныс тойлаушылардың қатары көбейіп келеді. Соның бірі – Төлеби ауданында өткен жылы  66 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді. Биыл да бірнеше пәтердің кілті иелеріне табыс етілмек.

Биыл Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласындағы I мөлтек ауданында көпқабатты 9 үйдің құрылысы аяқталады. 5 қабаттан тұратын тұрғын үйлердің әрқайсысы 20 пәтерлі. Яғни 9 үй 180 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етеді деп жоспарланып отыр. Жалпы тұрғын жайдың аумағы 11 мың шаршы метрді құрайды.

7f2504ad-e836-44e3-b025-e7e523bd97c1.jpg

Сонымен қатар, биыл Қасқасу ауылдық округіне қарасты Қасқасу, Жоғарғы Қасқасу, Керегетас және Кеңесарық елді мекендеріне газ кіргізу жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр. Қасқасу ауылдық округі бойынша 65,7 шақырым газ құбырын тарту жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін он шақырым газ құбырының шұңқыры қазылды.

Қазіргі таңда Төлеби ауданындағы 55 елді мекен бар. Соның ішінде 48 ауыл табиғи газбен толық қамтылған. Алдағы уақытта Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы, Қасқасу, Жоғары Қасқасу, Керегетас, Кенесарық елді мекендеріне көгілдір отын кіретін болады.


Қазығұрт ауданында 6 ауылға газ беріледі
Түлкібас ауданында көшелер «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен жөнделеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу