«Сырдария-Түркістан» паркі табиғи туризмді дамытып, табыс табуда

Oinet.kz 25-03-2021 1080

WhatsApp Image 2021-03-25 at 18.48.55.jpeg

Былтыр «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік паркі аумағына 4 мыңға жуық адам кіргізіліп, көрсетілген қызмет көлеміне сай парк есеп-шотына 1 090 876 теңге қаржы түскен. Бұл туралы Түркістанда қызғалдақтар көрмесін өткізуді жоспарлап отырғанын жаряилаған табиғи парктің туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлімінің басшысы Ғани Назарбек хабарлады.

WhatsApp Image 2021-03-25 at 18.48.54.jpeg

Фотокөрмеде өңіріміздегі барлық қызғалдақ түрлері келушілер назарына ұсынылмақ. Айта кетерлігі, жуық арада бүр жаратын қырмызы қызғалдақтарды жұлғандарға заң аясында жауапкершілік қарастырылған. Сондықтан, тау бөктерінде жайқала өскен дала гүлдеріне, табиғатқа зиян тигізбеген абзал.

Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен бирфингте «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік паркі аумағында өткен жылы 14 орман өрт оқиғасы тіркелген де айтылды Ал, сұғанақтыққа 300 рет рейдтік тексеру жұмыстары жүргізіліп, 152 заң бұзушылық анықталған.

Заңсыз аң аулау, орман заңдылықтарын және балық қорын қорғау ережелерін бұзу дерегімен 130 оқиға бойынша 1 млн 93 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Биыл да жыл басынан бері 40 рет рейдтік тексеру жұмыстары жүргізіліп, 19 заң бұзушылық анықталған. Өңірлік табиғи паркке қарасты 5 тұрақты және 1 уақытша орман тұқымбағында бүгінгі таңда 1 742 016 мың дана стандартты көшеттер өсірілуде.Тұқымбақтардың жалпы көлемі 56 гектар. Паркте сүтқоректілердің шамамен 46 түрі мекендейді, оның ішінде тас сусары, арқар, үнді жайрасы, ақ бауыр жарқанат, кеңқұлақты жарқанат Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Өсімдіктердің шамамен 850 түрі болса, оның 42 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген, деді Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің маманы Қайрат Карибаев.

Өңірлік паркте туристік бағыттағы жалпы ұзындығы 162,85 шақырым серуендеу, танымдылық және спорттық-сауықтыру мақсатына арналған аумақ бар. Былтыр парк аумағына 4 мыңға жуық адам кіргізіліп, көрсетілген қызмет көлеміне сай парк есеп-шотына 1 090 876 теңге қаржы түскен.


Түркістанда азық-түлікті қымбаттатқандар жазаланады
Түркістан облысында екі мың отбасыға азық-түлік себеті таратылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу