Түркістан облысында екі мың отбасыға азық-түлік себеті таратылды
Түркістан облысында «Халық» қайырымдылық қоры «Ел тірегі - ЕЛБАСЫ» атауымен кең ауқымды қайырымдылық акциясын бастады. Облыс әкімдігінің қолдауымен акция барысында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аз қамтылған 2000 отбасына 15 мыңнан астам азық-түлік себетін үйлеріне апарып беру жоспарланған.
«Ел тірегі - ЕЛБАСЫ» шарасы Қазақстан үшін елеулі мереке – Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. Аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері ауылдық округтердің әкімдіктерімен және "Халық" Қорының өкілдерімен бірлесіп, осы азық-түлік жиынтығын әрбір алушыға жеткізуді қамтамасыз етеді.
Елімізде бастау алған шара аясында «Халық» қайырымдылық қоры әрқайсысының салмағы 50 келіден асатын 15 мыңнан астам азық-түлік себетін ұйымдастырды. Қазіргі уақытта азық-түлік себеттері өңірлік әкімдіктер ұсынған тізімдерге сәйкес еліміздің барлық өңірінде отбасыларға таратылуда.
Түркістан облысының Сайрам ауданында аз қамтылған, кәмелет жасқа толмаған мүгедек балалары бар 208 отбасына әр себеті 50 келіні құрайтын азық-түлік жиынтығы таратылды. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы аз қамтамасыз етілген отбасылар саны анықталып, белсенді партия мүшелері тиісті азық-түліктерді таратуда. Атап айтқанда, Ақсукент ауылдық округінде – 37 отбасы, Жібек Жолы – 17 отбасы, Манкент – 23 отбасы, Арыс – 11, Қайнарбұлақ бойынша 24 отбасы, Қарабұлақта 28 отбасы, Қарамұрт ауылдық округінде ауылы – 23 отбасы, Қарасу – 12, Көлкент – 12, Құтарыс – 11 және Ақбұлақта 10 отбасына қамтылды.
Аталған қор пандемияның алғашқы күнінен бастап, жан-жақты қамқорлық көрсетуде. «Халық» қайырымдылық қоры кәсіпкерлер мен қайырымдылық ұйымдарының өкілдеріне «Ел тірегі – Елбасы» акциясын қолдауға шақырады. Мұндай акция биыл бірнеше рет ұйыдастырылады деп жоспарланып отыр.