100-ден аса адам тұрақты жұмыспен қамтылады

Oinet.kz 24-03-2021 419

Screenshot_26.jpg

2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республикада ағымдағы жылы 331 жоба іске асырылатын болады. Биылғы жылы барлығы 27,3 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда, оның 10,2 мыңы тұрақты жұмыс орны болады деп күтілуде. 

 Аталмыш бағдарлама үшінші мегаполисте де қарқынды жүзеге асырылып келеді. Айталық  Жұмыспен қамту жол картасы мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкент қаласы бойынша биыл 13 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру көзделген. Атап айтқанда, әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының құрылыс жұмыстары жүргізіледі. 

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтың айтуынша бағдарлама аясында қалада 392 жұмыс орны құрылып, оның ішінде 200-ге жуық азаматты қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастыру көзделген. Сонымен қатар, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру нәтижесінде 100-ден аса адамды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 

Айта кетейік, Жұмыспен қамту жол картасы инфрақұрылымдық жобаларын іске асырудың ерекше шарты отандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтерінің кемінде 90%-ын қолдануды қамтамасыз ету болып табылады. Қызметкерлердің кемінде жартысын халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жалдайды, жұмыссыз жастарға басымдық беріледі. Мердігерлер санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қолдана отырып, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге тиіс.


Мүгедектерге қолайлы орта қалыптасып келеді
Түркістан облысы шетелдік журналистерге таныстырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу