Мүгедектерге қолайлы орта қалыптасып келеді

Oinet.kz 24-03-2021 521

Screenshot_25.jpg

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленген-ді. Әлеуметтік нысандар мүгедектердің кіріп-шығуына, түрлі қызмет алуына, жұмыс істеуіне қолайлы болуы керек. Осы орайда Шымкент қаласында әлеуметтік нысандарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.  Абай ауданы әкімдігінің ғимаратында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше қажеттілігі бар адамдарға тең мүмкіндіктер жасау туралы тапсырмасы аясында атқарылған жұмыстарды талқылауға арналған кезекті жиын өтті. Онда жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен Еңбек, әлеуметтікқорғау және көші-қон комитетінің Шымкентқаласы бойынша департаменті, әкімдік өкілдері жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Салаға жауаптылар бизнес өкілдеріне мүгедектерге ыңғайлы орта қалыптастырудың талаптарын түсіндірді.

 Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәлімдеуінше, 2014-2020 жылдары Шымкент қаласында 1050 нысан мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына ыңғайластырылды. Былтыр қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында 4 ауданда 55 әлеуметтік нысанда бейімдеу жұмыстары жүргізілді: Абай ауданы – 10, Әл-Фараби ауданы – 15, Еңбекші ауданы – 15 және Қаратау ауданында – 15 нысан.

Бүгінгі таңға дейін аудан әкімдіктері тарапынан 2021 жылға паспорттаудан және бейімдеуден өтетін 75 әлеуметтік нысанның тізімі анықталып отыр. Абай ауданы – 4, Еңбекші ауданы – 22, Әл-Фараби ауданы – 31 және Қаратау ауданында – 18 нысан. Бүгінде осы мақсатта құрылған арнайы комиссия жұмысын жалғастыруда.


Ынта болса қолдау көп
100-ден аса адам тұрақты жұмыспен қамтылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу