Ынта болса қолдау көп

Oinet.kz 24-03-2021 484

Screenshot_24.jpg

«Адал көмек» жобасы аясында  Шымкент қалалық  жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы Зәуреш Қадырова  фейсбук әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде  Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы  тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Спикердің айтуы бойынша Шымқалада 2017 жылы бастау алған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы мамандық алып, екі қолға бір күрек тапқан жандар жетерлік. Статистикалық дерек бойынша  2019 шаһарда  жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайыз болса, өткен жылы 5,1 пайызды құраған. Ал биыл қала бойынша 20 мыңға жуық адамды жұмыспен қамту жоспарланыпты. 

«Жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарды кәсіптіке баулу бойынша оқытуды сәуір айынан бастамақпыз. Бізде қазіргі нарықтағы сұранысқа сай мамандықтың бәрі бар. Бағдарламаға қатысушы қалаған саласы бойынша оқуына болады. Яғни таңдауға ерік берілген»,- дейді бөлім басшысы.

Зәуреш Төребайқызының айтуынша орталық жұмысы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес цифрлы жүйеге көшкен. "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы  арқылы азаматтар орталыққа келмей-ақ электронды кілт арқылы тіркеле алады. Сондай-ақ порталдан  қолданушылар бос жұмыс орындарын көре алады. Жалпы жұмысқа орналасудың мүмкіндіктері туралы ақпараттарға қаныға алады екен. 

Мамандар жұмыссыздар үшін мемлекеттің қолдауы көп, тек пайдалана білу керек, яғни ынта болса болғаны дейді. 


Денсаулық саласындағы жемқорлық тыйылып келеді
Мүгедектерге қолайлы орта қалыптасып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу