Каналдардың «көзі ашылды»

Oinet.kz 24-03-2021 480

Screenshot_22.jpg

Шымкентте ирригация жүйесінде игілікті істер атқарылуда. Мысалы өткен жылы Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының теңгеріміндегі ұзындығы 97,7 км келетін 9 өзен-каналдарды (Қошқар-ата, Қара-су өзендері мен Ақсай Қарабастау, Шымкент, Жаңа-Шек, Компыс, Тоғыс, Сасық, Ынтымақ каналдары) және орталық көше бойларындағы 485 км ирргициялық жүйелерін санитарлық тазалау жұмыстарына – 144,0 миллион теңге қаралып, жұмыстар жүргізілген.

Нақтырақ айтсақ, Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында былтыр өзен-канал арналарының 31,7 шақырымы қолмен, ал 16,5 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ, қаладағы су алу қауіпі бар 32 мекен жайға 14,2 шақырым ирригациялық жүйе салу жұмыстарына 367,5 миллион теңге қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілген. Аталған жұмыстар барысында, Бәйдібек би көшесі Алтын сарай тойханасы алды, Төлеметов көшесі Айбол аялдамасы, Бабашұлы көшесі №115 мектеп алды, Көшеров, Жібек жолы көшесі, Тесік көпір өткелі сынды бірқатар өзекті нүктелердегі мәселелер оң шешімін тапқан.

Су басудың алдын алу мақсатында, ирригация жүйелерінің негізгі артериясы саналатын Жаңа Сонымен қатар мамандардың дерегінше Шек каналы арнасын Казбакалейторгтан Аймауытов көшесіне дейін 4,4 шақырым күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілген.  Бұл мақсатта бюджеттен 333,9 миллион теңге қаралып, құрылыс жұмыстары уақытыл аяқталған.

Қаладағы каналдарды жыл бойы таза ұстау – басты міндет дейді салаға жауаптылар. Әсіресе, көктем мен күз айында су деңгейі көтерілмес үшін тазалыққа баса мән беріледі.


Баспанамен бірінші кезекте мұқтаж жандар қамтылмақ
Денсаулық саласындағы жемқорлық тыйылып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу