Баспанамен бірінші кезекте мұқтаж жандар қамтылмақ

Oinet.kz 24-03-2021 451

Screenshot_18.jpg

Биыл шымкенттіктер үшін қонысты жыл болмақ. Себебі наурыз  айының соңына дейін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 976 пәтерді сатып алу құқығынсыз арендалық негізде кезекте тұрған азаматтардың пайдалануына беру жоспарланған. Сонымен қатар биылғы жылы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы мен жұмыс істейтін жастарға 1580 пәтер үлестірілетін болады.

 Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Төлеповтің айтуынша, биыл сондай-ақ «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «2-10-20» («Бақытты отбасы») несиелендіру шарты аясында 350 аз қамтылған отбасыларды тұрғынжаймен қамту жоспарлануда. «Шаңырақ» пилоттық жобасы бойынша («5-10-20» несиелендіру шартының) тұрғын үй кезегінде тіркелген 1728 отбасыны баспанамен қамтамасыз ету көзделген. Одан бөлек «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25» несиелендіру шарты аясында 108 азаматқа пәтер берілмек. 

Басқарма басшысы атап өткендей «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкентте республикалық бюджет есебінен 35 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда көпқабатты тұрғын үйлердің лифт қондырғыларын ауыстыру, коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлерге ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған. 

 Бұл жағымды жаңалық әсіресе әлеуметтік жағынан әлсіз жастар мен отбасыларды қуантып отыр. 


«Жалынға» сапалы жарық жетті
Каналдардың «көзі ашылды»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу