«Жалынға» сапалы жарық жетті

Oinet.kz 24-03-2021 571

Screenshot_17.jpg

Шымшаһар шетіндегі шағынаудандардың бірі «Жалынға» да сапалы жарық жетті. Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында басталған құрылыстың бүгінде біршамасы аяқталған. Халық шағымына құлақ асып, уәдесінде тұрған қала әкімі Мұрат Әйтеновке жұрттың алғыстан басқа айтары жоқ. Ендігі кезекте су мен жол мәселесі шешілмек. 

«Осында көшіп келгенімізге 4 жыл болды. Осы уақыт аралығында жарықтың жырын жырлап, бармаған жерім қалмады. Қордалаған өзекті мәселені шешуге қала әкімінің өзі араласқан соң қазір  жұмыс басталып кетті. Көшелерге жаңа бағаналар қойылып жатыр. Қызмет қылып жатқандар басшыларға, мамандарға  рахмет»,- дейді тұрғын Ескендір Ережепов.       Жалындықтар осы уақытқа дейін жекенің жарығын жағып келген. 1 киловатына 28 теңгеден төлеп келген тұрғындар бағасы қымбат болғанымен сапасы сын көтермейтін еді дейді. Енді міне мемлекет тарапынан берілетін электр жарығына  қосылатындарын естігенде қатты қуанған.

«Жұмысты тоқтатпай істеп жатырмыз. Қазір 500-ге жуық бағана қойып үлгердік. Барлығы 1354 бағана қоямыз. Шілде айында шағынауданға жарық толығымен берілетін болады»,- дейді  мердігер мекеме өкілі  Нұрлыарман Байметов.

Жалын бойынша 1290 үйге жарық тартылуда. Жаңадан бой түзеп жатқан шағын аудан болған соң мұнда жаңа құрылыстағы үйлер де назардан тыс қалмайды дейді мамандар. 


«TURKISTAN» түркітілдес елдерге үш тілде хабар таратпақ
Баспанамен бірінші кезекте мұқтаж жандар қамтылмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу