«TURKISTAN» түркітілдес елдерге үш тілде хабар таратпақ

Oinet.kz 21-03-2021 756

IMG-20210321-WA0193.jpg

Түркістанның төл телеарнасы - «Turkistan» Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз қарсаңында тұсауын кесті. Түркілерге ортақ телеарна «Отау ТВ» ұлттық спутниктік желісі және кабельдік желілер арқылы қалың көрерменге жол тартты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған халықаралық «TURKISTAN» телеарнасы түркітілдес мемлекеттердің ақпарат кеңістігінде 3 тілде хабар тарататын арна болмақ. 

Айтулы күнге орай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев «Turkistan» халықаралық телеарнасына арнайы келіп, жылы лебізін білдірді. Телеарна ұжымына шығармашылық табыс тіледі. 

Бүгінде телеарнаға есімі елге белгілі, қолынан іс келетін 100-ден аса кәсіби маман жиналған. “TURKISTAN” телеарнасы әзірге тәулігіне 16 сағат эфирге шығады. Телеарна күн сайын өзекті ақпараттар мен қызықты бағдарламалар, телехикаялар мен деректі фильмдер топтамасын ұсынады. «Turkistan» телеарнасы түркітілдес елдер арасындағы ақпарат алмасу мен бірегей ортақ медиа кеңістік қалыптастыруға алтын көпірге айналмақ. 

Елбасы 2018 жылы телеарна құру туралы тапсырма беріп, соның негізінде Түркістан телеарнасы құру жоспары бекітілген болатын. 2019 аталған телеарнаның іргетасы ретінде Түркістан қаласында өңірдің ақпарат саласының дамуына қолдау көрсету мақсатында жаңа медиа орталық іске қосылды.

IMG_20210321_202522_129.jpg

Бүгін Түркі елдерінің үздік ақпарат өкілдерімен телеарна ұжымы арасында ынтымақтастық бағытында меморандумға қол қойылды. Бұл – елдер арасындағы ақпарат алмасу мен бірегей ортақ медиа кеңістік қалыптастырудың алғышарты. Меморандум аясында атқарылар жұмыстар – Түркі интеграциясының одан ары нығаюына оң ықпалын тигізетін болады.


Түркістан медиафорумы инвестициялық-туристік мүмкіндіктерді арттырады
«Жалынға» сапалы жарық жетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу