Түркістан медиафорумы инвестициялық-туристік мүмкіндіктерді арттырады

Oinet.kz 21-03-2021 795

image-21-03-21-07-44-14.jpeg

Түркі мемлекеттері БАҚ өкілдерінің басын қосқан халықаралық форумда Түркістан облысының инвестициялық және туристік ахуалды жақсарту, облыс экономикасына шетелдік инвестициялар тарту, Түркістанды халықаралық туристік орталық ретінде ілгерілету жөнінде басым бағдарламалар, жоспарлар мен мүмкіндіктер таныстырылды. Шетелдік журналистерге арналған ауқымды шараға Әзірбайжан, Башқұртстан, Қырғызстан, Мажарстан, Өзбекстан, Саха, Тәжікстан, Түркия елдерінен келген түрлі баспа және электронды БАҚ өкілдері қатысты. Басқосуда алғы сөз алған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Наурыз мерекесінде Түркі елдерінің ақпарат кеңістігінің өкілдері рухани шаһарда бас қосуын заңдылыққа балады. Себебі, Түркістан сан ғасырлардан бері күллі Түркі интеграциясының символы саналады. 

Әлемде жаһандық интеграциялық процестер қарқын алған уақытта бүкіләлемдік өркениеттің дамуына құнды үлес қосқан, өміршеңдігі өзгелерге үлгі түркі әлемі бірігуді мақсат етеді. Бұл үдерістің бастамашысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болды. Ол 1992 жылы түркі мемлекеттері басшыларының бірінші Саммитінде бауырлас халықтардың интеграциялық бірлестігін бастау қажеттігі туралы мәлімдеді. Осылайша, Түркістан қаласы түркі өркениетінің орталығы болып танылды. Бүгінде бұл тарихи үрдіс өз жалғасын тауып, Түркістан Түркі елдеріне ортақ тәу етер қасиетті мекені болып келеді, – деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Халықаралық форумда ҚР ҰҒА академигі, А.Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры Бауыржан Байтанаев «Түркістанның жаңғыруы: стратиграфиядағы жаңа серпін» тақырыбында баяндама жасады. Облыс әкімі орынбасары Мейіржан Мырзалиев Түркістан облысының инвестициялық және туристтік әлеуеті барысында жетістіктермен бөлісті. Түркиядан келген «TRT» телеканалының басқарма өкілі Мехмед Захид «Түркі әлемінің медиалық интеграциясының маңыздылығы» туралы баяндап берді. Шетелдік БАҚ өкілдері пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылардың пікірінше, форум Түркістанның жаңа тынысының ашылуына жаңаша серпін береді. Түркітілдес мемлекеттердің тілшілері қасиетті шаһардың көне сипатын сақтай отырып, заманауи қалаға айналуғанына куә болғандарын таңдана жеткізді. 

Елбасы облыс орталығын ауыстырған сәтте бірден екі бірдей маңызды құжатқа – Түркістан қаласын дамыту тұжырымдамасына және «Turkistan» арнаулы экономикалық аймағын құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Қос құжатты қабылдаудағы басты мақсат – Түркістанға инвестиция құя отырып, туризмді дамыту. Құрметті бауырлас Түркі халықтарының үздік БАҚ өкілдері! Түркі Мемлекеттерінің ақпарат кеңістігіндегі үздік БАҚ-ның өзара ынтымақтастығын нығайтып, бірлесе жұмыс атқаруында бүгінгі жиынның маңызы зор. Себебі, түбі бір Түркі елдерінің наным-сенімі, түпкі тарихы, өмір сүру қағидалары бір-бірімен біте қайнасып жатыр. Түркі Мемлекеттерінің көнеден қалыптасқан ынтымақ-бірлігі мен барлық бағыттағы әріптестік байланыстары нығая түседі деп сенемін, – деді Өмірзақ Шөкеев.

2020 жылдың қорытындысы бойынша облыстың негізгі капиталына 703 млрд.теңге инвестиция бағытталды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 60%-ға артық. Оның ішінде сыртқы инвестициялар көлемі 112 млрд.теңгені құрады. Тартылған инвестициялардың арқасында қала күннен күнге көркейіп келеді. Бұл өз кезегінде Түркістанға туристердің көптеп келуіне ықпал етеді.

Шетелдік БАҚ өкілдерінің басын қосқан іс-шара аясында Роуд-шоуға қатысушылар 20-22 наурыз аралығында баспасөз турларында болады. Түркістан облысындағы тарихи-мәдени мұра нысандарын аралауда. Арыстан баб кесенесінде болып, Отырар қалашығы, Отырар ауданы орталығы, Қожа Ахмет Ясауи сәулет кешені бойынша экскурсияға қатысып, Ақмешіт үңгірі мен Кемеқалған монументінде болды.


Түркістан әуежайынан Түркияға тұрақты рейс ашылды
«TURKISTAN» түркітілдес елдерге үш тілде хабар таратпақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу