Түркістан облысының ауылдары сапалы ауызсумен толық қамтылады

Oinet.kz 11-03-2021 387

су.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша, 2026 жылға қарай өңірдегі елді мекендер сапалы ауыз сумен 100 пайыз қамтылады. Бұл туралы Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Полатбеков мәлімдеді.

– Былтыр 19 елді мекен таза ауыз сумен қамтылып, 5 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары жаңартылды. Биыл  ауыз сумен және су бұрумен жабдықтау бойынша 62 нысанның құрылысына бюджеттен 14 млрд теңге қаралып отыр. Соның ішінде, 37 нысан ағымдағы жылы пайдалануға берілсе, қалған 25-сі келесі жылға өтпелі. Нәтижесінде 20 елді мекен ауыз сумен қамтылп, 12 елді мекеннің су құбыры жаңарады. 2025 жылға қарай «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірді толықтай ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған, – деді Бақытжан Әнуарбекұлы.

Облыс орталығын бүгінде «Түркістан-Су» мемлекеттік коммуналдық мекемесі қолданысындағы сыйымдылығы 1500 текше метр және 3000 текше метр болатын екі қоймасы арқылы ауыз сумен қамтамасыз етуде. Бұған қосымша былтыр жасалған шаһардың ауыз сумен қамтылмаған аумақтарына құбыр тарту жоспарына сай бірнеше су қоймасының құрылысы жүріп жатыр.

Биыл ақпан айында іргетасы қаланған сыйымдылығы 5000 текше метрді құрайтын су қоймасы мен Еңбекші Дихан елдімекеніндегі екі су қоймасының жанынан сыйымдылығы 10000 текше метр және 20000 текше метр болатын екі су қоймасының құрылысы жүргізілуде.


Түркістан облысында 48 науқас асқазанын кішірейтіп емделді
Түркістандықтар сапалы энергия мен табиғи газ тұтынатын болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу