Қатерлі ісіктер ерте анықталып жатыр

Oinet.kz 05-03-2021 807

Screenshot_31.jpg

Шымкент қалалық онкологиялық орталығы онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған кешенді жоспардың Жол картасы  аясында бірқатар жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр.  Мекеме басшысы Жақсылық Мәуленовтің айтуынша, бірінші индикатор – онкологиялық ауруларды ерте кезеңде I cатысында анықтау көрсеткіші 16,8 пайызға жетті. Жоспардан 0,8 пайызға артқан. Екінші индикатор – науқастардың 5 жыл және одан артық өмір сүруі жоспар бойынша 47 пайыз болған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 48,3 пайызға жоғарылаған. Сондай-ақ, жаңадан табылған онкологиялық ауруларды диагностикалық тексеру үшін КТ және МРТ зерттеуі бойынша «ӘМСҚ» КЕ АҚ-мен келісімшарт жасалынды. Өткен жылғы берілген он бір онкологиялық индикатордың жетеуі орындалған.

Жалпы орталық ыңғайластырылған ғимаратта орналастырылған. 210 төсек орынға арналған. Оның ішінде 160 орын – ауруханалық, 30 –паллиативтік және 20 – күндізгі бөлімнен тұрады. Орталықта 6503-тен астам онкологиялық науқастар «Д» есепте тұрса, 2020 жылдың 12 айында 1216 науқас өмірінде алғаш рет есепке алынды. Мекеменің материалдық-техникалық жабдықталу көрсеткіші – 82.59 пайыз.

Өткен жылы ультрадыбыстық скальпель, пациенттерді бақылаушы монитор, «CHS-1500» операциялық үстелі, ультрадыбыстық «Афинити-70», ультрадыбыстық сканерлеу «CX-50», «Простар» флюорографиялық жабдық, оттегі терапиясының жабдықтары, т.б., қажетті құралдар сатып алынған.

Бүгінде орталыққа халықаралық стандарттарға сай онкологиялық емдеу көрсеткішін арттыру мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында ПЭТ және сәулелік желілік жылдамдатқыш құралдарын орналастыру жоспарлануда.


 


Автожолдарды дамытуға 32 миллиард теңге бөлінген
Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2186 пәтер беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу