Вирустан сақтанудың жолдарын түсіндірді

Oinet.kz 20-10-2020 3338

Screenshot_24.jpg       

Қытай асып келген тәжіндет еліміз үшін ауыр соққы болды. Эпидемияның пандемияға ұласатынын күтпеген халқымыз  ауруға барынша төмеп беріп, дер кезінде қарсы шаралар қолдана білді. Қазір жағдай тұрақталғанымен, қауіп сейілген жоқ. Сондықтан еліміздің барлық аймағында екінші толқынға дайындық жұмыстарын жүргізілуде. 

Ордабасы ауданындағы «Қараспан» бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету ұйымы да жұқпалы инфекциямен күресуге әзір.  Емдеу мекемесінің аға дәрігері  Әсем  Молдиярова  облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы тарапынан барлық қолдаулар көрсетілуде дейді. Атап айтқанда мекеме оттегі концентратраторы, дәрі-дәрмек, қорғаныш құралдарымен толығымен жабдықталған. Ұйымға қарасты 7 фельдшерлік акушерлік пункт пен 3 медицина пунктінің материалдық-базасы да көңіл көншітерліктей.  Осы орайда Әсем Құрманғазықызы мекемеге қарасты 14 мыңдай халыққа аса жұқпалы дерттен сақтанудың жолдарын айтып берді. 

Ең алдымен, әр адам санитарлық гигиена талаптарын сақтауға міндетті. Көпшілік тамақтанатын жерлерге, қоғамдық орындарға, базарларға барудан бас тартқан жөн. Қолды жиі-жиі сабындап жуыңыз, арнайы антисептикалық құралдарды пайдаланыңыз. Үйіңізді (жұмыс орныңызды) таза ұстауға тырысыңыз: жиі-жиі сумен жуып, ауаны тазартып отырыңыз. Түшкіргенде, жөтелген кезде мұрныңыз бен аузыңызды бір реттік сулықтармен жабыңыз. Ортақ тұрмыстық құралдарды пайдаланбаңыз. Вирус жұққан күннен бастап 14 күннен 28 күнге дейін. Вирус жұқтырған адамның отбасы мүшелері міндетті түрде анализ тапсыруы тиіс. Дәрігерлер тест нәтижесіне қарап оны ауруханаға жатқызу немесе сырқат белгілері болмаған жағдайда үй жағдайында карантинге орналастыру жөнінде шешім қабылдайды. Кез-келген ауру сияқты коронавирусты да емдеудің белгіленген тәсілдері бар. Нақтырақ айтқанда, вирусқа қарсы әрекет ететін арнайы препараттар мен жеке гигиена талаптары қолданылады.

Науқастар оттегіге зәру болмайды
Үрей, күйзеліс ауруды асқындырады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу