Науқас әрдайым дәрігердің бақылауында

Oinet.kz 17-10-2020 3341

Screenshot_22.jpg    

Пандемия кезінде елімізде дәрі-дәрмек тапшылығы қатты сезілді. Әсіресе антикогулянттар, антибиотиктер мен вирусқа қарсы препараттарды таппай сенделген халықтың қарасы көп болды. Екінші толқында мұндай тапшылық болмайды.  Себебі қазіргі таңда аурухана, емханалардың қоймаларында  2 айға жететін қор сақтаулы тұр.  Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы Ордабасы аудандық ауруханасын  119906 дана дәрі-дәрмектен қамтамасыз етіп отыр.  Аудандық ауруханаға қарасты Қайнар дәрігерлік амбулаториясы да  дәрі тапшылығы проблемасын көріп отырған жоқ. 

     Ауыл тұрғындарына мұнда күндіз ем-дом алуы үшін 4 төсек орын әзірленген.  Індет  жұқтырып, демалысы қиындаған науқас үшін 1 оттегі концентраторы іске қосылуға дайын. Мамандардың қауіпсіздігі үшін қорғаныш киімдері де бар.  «Егер пациентке коронавирус  немесе пневмония диагнозы қойылған болса дәрігерлік тексеруден кейін жағдайына қарай ауруханаға жатқызылатыны немесе үй жағдайында емделуге болатындығы шешіледі. Егер  пациенттің жағдайы үй жағдайында емделуге келетін болса біздің мамандар сырқаттанушының үй ішін дайындайды. Яғни науқасты қалай оқшаулау қажет, қалай күтім жасау керек, үй ішінің өзге де мүшелері  қалай қорғану керектігін барлығын түсіндіреміз. Дәрігер науқасты 14 күн бақылап, тиісті ем-домын жасайды. Үй карантиніне жатқызылғананна кейін жеті күннің ішінде үйдегі өзге де туыстарынан анализ аламыз»,- дейді амбулаторияның аға дәрігері Әсел Жураева. 

   3712 науқастың денсаулығына жауапты емдеу мекемесі  халық арасында әлі де індеттен сақтанудың жолдарын түсіндіруде. 

Ауылдық амбулаторияның дайындығы жоғары
Науқастар оттегіге зәру болмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу