Халықтың жауапкершілігі артып келеді

Oinet.kz 17-10-2020 3279

Screenshot_20.jpg       

7325 тұрғынға қызмет көрсететін Ордабасы ауданына қарасты Шұбар дәрігерлік амбулаториясында 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры  жасақталған. Індеттің қайталама толқынынан сақтанған мекемеге Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы тарапынан 3 оттегі коцентраторы берілген.  9 орынға лайықталған күндізгі стационарда науқастар тиісті ем-дом қабылдай алады. Күніне 50 пациентті қабылдауға қауқарлы амбулаторияда барлық сақтық шаралары сақталуда.

 «Бізге келген барлық пациенттердің алдымен дене қызуы өлшенеді. Егер температурасы бар болса ол науқасқа сүзгі бөлмесінде қызмет көрсетіледі.   Бұл науқасты өзгелерден оқшаулау үшін қажетті қадам. Симптомдары коронавирус немесе пневмонияға сай келсе жедел-жәрдеммен аудан орталығына жеткізіледі.  Әрмен анализ қорытындысына қарай  науқастың стационарға жатқызылатыны немесе үй жағдайында ем қабылдайтындығы шешіледі»,- деген аға дәрігер Күләнда Мырзабай әзірге аймақта мұндай науқастардың кездеспегенін айтады. «Әрине екінші толқынның қайталанбағанын қалаймыз. Тұрғындарға сақтық шараларын қайта-қайта айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатрымыз. Адамдар да бұрынғыдай емес, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын болды.  Халықтың карантин талаптарын сақтап, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы ақ халаттылардың жұмысын жеңілдететіні сөзсіз»,- дейді дәрігер. 

Бөржарда коронавирусқа күдікті науқастарға дер кезінде көмек көрсетіледі
Ауылдық амбулаторияның дайындығы жоғары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу