Эпидемиолог індеттен сақтану жолдарын айтты

Oinet.kz 16-10-2020 485

Screenshot_14.jpg

Түркістан облысында коронавирустың екінші толқынына дайындық күшейді. Індет қайта белең алған жағдайда дәрі тапшылығы болмас үшін екі айлық қор жиналып, облыс ауруханалары тыныс алу аппараттарымен қамтылуда. Қосымша төсек-орындар қажет болған жағдайда оның санын 5,5 мыңға дейін жеткізіледі.  Сондай-ақ мобильді топ мүшелері әлі де аула аралап және әлеуметтік желілелерде халыққа коронавирустан сақтанудың жолдарын түсіндіруде. 

  Осы орайда Ордабасы аудандық ауруханасының дәрігер-эпидемиологы Болсынай Анапияева  коронавирустан қалай сақтану керектігін ескертті. Ең алдымен әр адам жауапкершілікті өзінен бастап, мынадай санитарлық талаптарды сақтап жүрген жөн. 

- Қолды әр жарты сағат сайын 20 секунд бойы сабындап жуу.  Микробтарды өлтіруге антисептик көмектеседі. Медициналық спирт те қолдануға жарайды. Егер спиртке аллергия бар болса, санитайзерді пайдаланыңыз;

- Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз. Содан кейін майлықты жабық контейнерге тастап, қолыңызды жуыңыз;

- Қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз, бұлар вирустың "кіріс қақпасы" саналады;

- Жөтел, жоғары температура және тыныс алу мүшелері ауруларының басқа симптомдары бар адамдардан аулақ жүріңіз;

- Адам көп жиналатын қоғамдық орындарға, той-томалақ, жиындарға бармай, үйде отыруға тырысыңыз;

- Адамдармен қол алыспай, қашықтықтан амандасқан жөн;

- Іссапардан бас тартып, әлем бойынша саяхатты шектеңіз;

- Үйдің терезесін жиі ашып, ауаны тазартып тұрыңыз;

- Қоғамдық көлікті жиі пайдаланбаған жөн;

- Қолма-қол ақшадан бас тартып, төлемді мүмкіндігінше банк картасы арқылы жасаңыз;

- Бөлмені жиі желдетіңіз;

- Табиғат пен фермалардағы жануарлардан аулақ жүріңіз;

- Ет пен жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатып не пісіріңіз, яғни, шала піскен күйінде тұтынбаңыз;

- Температура көтерілгенде, жөтелгенде және тыныс алу қиындағанда дереу медициналық жәрдемге жүгініңіз;

- Иммунитетіңізді нығайтып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Ақуыздарға, дәрумендерге және минералды заттарға бай тағамдарды тұтыныңыз.

- Салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет. 

Қажетті құрал берілді
Ауру асқынбай дәрігерге қаралған жөн
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу