Өз бетінше емделу – үлкен қателік

Oinet.kz 16-10-2020 446

Screenshot_12.jpg

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Бақытжан Мырзагелдиев тәжвирустан сақтанудың және  ауыра қалған жағдайда өз бетінше емделудің соңы қандай жағдайға ұласуы мүмкін екенін айтты.  «Пандемия кезінде көптеген науқастар ауыр халде жеткізілді.  Аурудың  бұлайша батпандап кіруіне олардың  дерт қылаң бере бастаған сәтте дәрігерге қаралмай, өз бетінше дәрі-дәрмекті қабылдай бергені себеп болып отыр. Бұл үлкен қателік. Өйткені бейберекет қолданылған препараттар вирустың деңгейін басып жібереді де, аурудың клиникалық белгілері білінбей қалады. Бұл дәрігерлерге диагноз қоюға, аурудың деңгейін анықтауға үлкен кедергі келдірді. Антибиотиктерді  қабылдай бергесін біздің жасаған ем-домымыз әсер етпей қалады.  Міне, осындай өрескел қателіктің кесірінен қаншама пациент тиісті деңгейде ем-шара қабылдай алмады. Ендігі кезекте тұрғындар мұндай қателікке бой алдырмауы керек. Мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізген кезде халыққа осы жағдайды да қайта-қайта ескертіп жатыр. Тұрғындарға айтарым егер сіздің қызуыңыз көтеріліп, суық тию белгілері пайда болса бірден дәрігерге қаралыңыздар!». 

    Айта кетейік,  пандемия тұсында Ордабасы ауданында 5 мыңға жуық науқас бақылауға алынған. Оның мыңға жуығы госпитальда ем алса, 297 адам карантиндік обсервацияда болған. Олардың көпшілігін ірі компанияларда жұмыс істейтін шетелдік азаматтар құраған.  

Тәртіп пен жауапкершілік індеттен сақтайды
Қажетті құрал берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу