Ковидті анықтайтын зертхана іске қосылды

Oinet.kz 16-10-2020 462

Screenshot_10.jpg  

Қашанда жаңашылдыққа құмар Ордабасы аудандық орталық  ауруханасы  індетке қарсы тұруға тастүйін екенін  дәлелдеді. Аудандардың ішінен алғаш болып провизорлық орталық ашқан мекеме пациенттерімізді сыртқа сенделтпейміз дейді. Пандемия кезінде аурухана коронавирус инфекциясын анықтау үшін анализдерді облыс орталығына жіберіп отырған. Енді мамандар  мұндай әбірге түспейді.  Себебі мұнда ковидті анықтайтын зертхана іске қосылды. 

Ауруханаға қоғамдық денсаулық басқармасынанПТР сынамасын анықтауға BIO RAD аппараты беріліп, провизор бөлімшесінен 4 бөлме қарастырылған. ПТР сынамасы бойынша анықтайтын зертхана тәулігіне 500-ге жуық тест қабылдауға мүмкіндігі бар. Алдағы уақытта Арыс қаласы мен Бәйдібек аудандарынан сынама қабылдау жоспарлануда.  Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша мұндай 12 зертхана жұмыс істеуде.  «Зертхана өз жұмысын бастап кетті. Қазірге дейін 23 анализ тексеріп үлгердік. Барлығы теріс нәтиже көрсетті. Зертханада жұмыс істейтін дәрігер-лаборанттарымыз Алматы мемлекеттк дәрігерлер білімін жетілдіру институтында 1 ай біліктілігін арттырып, әрі қарай Түркістан қалалық емханасында тәжірибе алмасып келді»,- дейді бас дәрігер Бақытжан Мырзалыұлы. 

Қазір мұнда 2 дәрігер, 2 фельдшер лаборант және екі кіші қызметкер жұмыс істеуде. 

Жүкті әйелдер қауіпсіз босана алады
Тәртіп пен жауапкершілік індеттен сақтайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу