Ордабасы: Өзекті мәселелер шешімін таппақ

Oinet.kz 22-09-2020 483

Қостанай облысының ауылына ауыз су құбыры тартылды

Ордабасы ауданы, Шұбар ауыл округінде ауыз су жүйесі, электр жүйелері, газдандыру мәселелері кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді.

Ауылды округке қарасты Сарытоғай және Аққойлы елді мекендеріне ауыз су жүйесін жүргізу үшін 405,7 мың теңгеге ЖСҚ әзірленіп, құрылыс жұмыстары 2020 жылы жүргізіледі деп күтілуде. Береке елді мекеніндегі мектепке баратын жаңа көшеге 1 млн. 442 мың теңгеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді және Шұбар елді мекеніндегі Т.Рысқұлов көшесіне 13 млн. 034 мың теңгеге ағымдағы жөндеу (асфальт төсеу) жұмыстары жүргізілді.

Ауыл округін көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық тазалық мақсатында ағымдағы жылы 38 сенбілік пен тазалық күндері ұйымдастырылып, онда 38 көше қамтылып, 148 текше метр күл-қоқыс шығарылды. Ағымдағы жылдың көктем айларында 8 500 түп түрлі ағаш көшеттері отырғызылды.

Шұбар ауыл округіне қарасты 6 елді мекенге газ құрылысын жүргізу үшін ЖСҚ жасауға 72 млн. 731 мың 600 теңге қаржы қаралып, жеңімпаз мердігер мекемелер анықталып, ЖСҚ әзірленуде.

Ордабасы: Мал басы артты
Ордабасы: Агроөнеркәсіп саласы өркендеуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу