Сайрам: Су құбырлары жөнделуде

Oinet.kz 18-09-2020 514

"Сайрам тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Сайрамдағы апатты деп саналатын су, жылу құбырлары мен кәріз жүйелеріне қайта жөндеу және ауыстыру жұмыстарын жүргізуде.

Сайрам ауданына қарасты Таскешу және Көлкент ауылдарында су құбырының ақау алған орындарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, Қасымбек Датқа ауылында орналасқан коммуналдық көпқабатты тұрғын үйлердің кәріз жүйелерін кестеге сай тазартуда.

Сонымен қатар, ауданда аудандық төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесе аудан орталығындағы көпқабатты үй тұрғындарына өрт қауіпсіздікті сақтау, алдын алу мақсатында іс-шара ұйымдастырылып, әдістемелік құралдар таратып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сайрам: Праймериз арқылы бәсекелі партиялық тізімдер қалыптасады
Сайрам: Тазалық табалдырықтан басталады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу