Сайрам: Ұлыларды ұлықтау – қасиеттi парыз

Oinet.kz 21-09-2020 567

Қазақ елі тарихта өшпестей ізі мен өнегелі ісін қалдырған ұлы тұлғаларға кенде емес. Ұлы дала көптеген ұлы тұлғаларды – батырлар мен билерді, абыз жырауларды, от ауызды, орақ тілді шешендерді тарих сахнасына алып келді.

Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, әз Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай сынды ұлы тұлғалар шоғырының шоқтығы қашан да биік. Ұлы даланың даңқын көкке көтерген де, көшпенділер мұрасының жауһарларын әлемдік тарихқа енгізген де дәл осы тұлғалар.  

Осы тұрғыда Әл-Фарабидің  1150 жылдығы мен  Абайдың 175 жылдығына орай, Сайрам аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен ауылдық округтердің әкімдіктеріне "Әдеби аялдама" жобасын іске асыру  тапсырылған болатын.

Бүгінде жобаны алғашқы болып Ақсукент ауылдық округі әкімінің аппараты  жүзеге асырды!

Ақсукент ауылдық округіндегі 7 аялдамаға бабалардың сөздерін, өздерін насихаттайтын  көрнекіліктер ілінді.

Ата-бабаларымыздың мұрасын дәріптеу – бүгінгі ұрпақтың жәй міндеті емес, қастерлі міндеті екендігін ескерсек Ақсукент ауыл округінің жарағандығы.

Сайрам: Орталық аурухана оттегі концепнтраторларымен толықтырылды
Сайрам: Праймериз арқылы бәсекелі партиялық тізімдер қалыптасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу