Ордабасы: Мал тұқымын асылдандыру ісі оңалды

Oinet.kz 19-09-2020 446

Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларының орындалуы – Ауыл  шаруашылығы басқармасы

Бүгінде мал шаруашылығына қарай түбегейлі ойысқан Ордабасы ауданында осы салаға көлемді инвестициялар тартылып, асылдандыру бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. 

Соңғы жылдары ірі қара малын дамыту мен сапасын арттыруды көздеген «Сыбаға» бағдарламасы арқылы тиімді несиеге қол жеткізген көптеген шаруашылық құрылымдары оның игілігін көріп, мал басын біршама арттыруға мүмкіндік алған болатын.

Ауданға қарасты Жеңіс ауыл округінде «Сыбаға» бағдарламасы бойынша нақты тапсырма берілмеген, алайда  90  ірі қара малға 3 асыл тұқымды бұқа алынды. Ал «Құлан» бағдарламасы бойынша 30 жылқы алуға тапсырма берілсе, 31 жылқы алынып, тапсырма 103,3 пайызға жетті.

Сондай-ақ, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 100  ұсақ мал алу тапсырма берілсе, 450 ұсақ мал алынып,  350  ұсақ малға артық алынды.

10-15 бастық шағын мал бордақылау алаңдарын құру тапсырмасы бойынша нақты ауыл округінде 10 мал бордақылау алаңдары ашылып, жұмыс істеуде.

Өткен жылға ауыл округте 3 мал бордақылау алаңдарын ашу жоспарланса, нақты – 3, яғни 100 пайыз орындалып отыр.


Ордабасы: Суармалы жерлер пайдасын береді
Сайрамда мұқтаж тұрғындар баспаналы болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу