Ордабасы: 93 техника жаңартылды

Oinet.kz 16-09-2020 476

Ауыл шаруашылығы техникалары жаңаруда

Ордабасы аудан экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы. Ауданда осы сала бойынша түрлі атқарылып жүрген шаралар айтылып жүр. Егіншілік қана емес, мал шаруашылығы да, одан қалса өнеркәсіп салалары да алға ілгерілеумен келеді. Атқарылған жұмыстарға сай қажетті техникалар да мемлекет есебінен жаңартылып жүр.

Ауданға қарасты Бөген ауыл округінде қазіргі таңға дейін жалпы 93 техника жаңартылды. Оның ішінде өткен жылға ауылшаруашылық техникаларды жаңарту тапсырмасының орындалуы бойынша жылдық жоспар – 3 дана болса, оның орындалғаны – 11 дананы құрап, 366 пайызды құрады.

Ауылшаруашылық және үйіргелік жерлеріне жүргізілген түгендеу жұмыстары нәтижесінде игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 44 гектар суармалы жер анықталып, аудандық жер қатынастар бөліміне мәлімет берілді.

Бүгінгі таңда ауылдың жалпы жер көлемі – 20 452 гектар. Оның ішінде суармалы жер – 4 207 гектар, жайылымдық жер – 6 309 гектар, үйіргелік жер – 100,9 гектарды құрап отыр.


Ордабасы: «Сыбағаның» шарапатын көріп отыр
Ордабасы: Тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу