Ордабасы: 4207 гектарға ауылшаруашылық дақылдары егілді
Соңғы жылдары Ордабасыда оңды жаңалықтар көп. Ауданға қарасты Бөген ауыл округінің негізгі саласының бірі — ауыл шаруашылығы. Мұнда жыл сайын мыңдаған гектар жер игеріліп, жемісін беріп жатады. Ата кәсіпті табыс көзіне айналдырған тұрғындар егіншілік, малшылықтың заманауи түрлеріне көшкен.
Биыл-былтыр ауылда «Агроөнеркәсіп кешенінің 2017-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы» аясында ауыл шаруашылығы бөлімімен үш жақты келісім-шарт түзіліп, онда көрсетілген тапсырмаларды орындау бойынша бірқатар жұмыс атқарылды.
Ауыл округінің жалпы жер көлемі 20 452 гектар. Оның ішінде бүгінде суармалы жер – 4 207 гектар, жайылымдық жер – 6 309 гектар, үйіргелік жер – 100,9 гектарды құрап отыр. Екі елдімекендегі тұрғындар – 5 050 адам.
Атап айтсақ, 4207 гектарға ауылшаруашылық дақылдарын егу жоспарланған болатын. Биыл енді сол жоспар 100 пайызға орындалып отыр.