Ордабасыда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуды оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде
Бүгінгі таңда, Ордабасы ауданында 114 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылуы ұйымдастырылды (өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бұл – халықтың электронды түрде алынатын қызметтерді ХҚКО бармай, интернетке қосылған компьютер арқылы алуға мүкіндік беретін бұрыштар). Атап айтқанда, 13 дербес бөлімде, 10 ауыл округі аппараттарында және бюджеттік мекемелерде (мектеп, спорт мектептері, балабақша, кітапхан) 91 ашылып, оларға жауапты мамандар бекітілді.
Электронды қызмет алудың үлесін арттырудың негізгі ықпал етуші фактор – бұл халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, электронды қызмет алудың тәсілдерін түсіндіру, жәрмеңкелер өткізу. Жыл қорытындысымен жалпы түсіндіру жұмыстарында 7890 адам қамтылды.
Бұл бағыт бойынша қосымша айта кететін жағдай, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес облыс көлемінде тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін кешенді шаралар қабылданды.
Қабылданған шаралар аясында Ордабасы ауданында тұрғыдардың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша (базалық білім, E-gov, Open-gov, Е-коммерция дағдылары бойынша) ағымдағы жылдың жаз айларында (маусым-тамыз) 10 ауыл округте 1000 адамды оқыту үшін курстар өткізілді
Қазіргі таңда аудан көлемінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуды оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде мемлекеттік органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде қызмет алушыларға (оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдайдың жасалуына аса назар аударылуда) қолайлы жағдайдың жасалуы (пандус, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған белгі және шақыру батырмасы, стандарттармен регламенттердің ілінуі, күту орындарынің болуы) басты назарға алынған. Бұл бойынша барлық мекемелерге тиісті нұсқамалар жолданып, талапқа сәйкестендірілді.