Ордабасыда мал басы артқан

Oinet.kz 15-09-2020 463

Қазақстанда мал басы артып, өнім өңдеу көлемі ұлғаюда

Ордабасы ауданында мал басы артты. Ордабасы ауданы негізінен аграрлы өңір болғандықтан мұнда егін және мал шаруашылығы дамыған.

Аудан бойынша мал басы және өнімдері мен өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда біршама артқан. Әсіресе, мемлекет тарапынан асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға басымдық берілген. «Сыбаға», «Құлан» бағдарламалары бойынша мал шаруашылығын дамытамын дегендерге қаржылай көмек көрсетіліп жатыр.

Мал басы: IҚМ басы – 65,9 мың бас, (өткен жылы 61,7 мың бас) 106,9%-ға, қой мен ешкі – 378,9 мың бас, (өткен жылы 363,4 мың бас) 104,3%-ға, жылқы 23,1 мың бас, (өткен жылы 21,9 мың бас) 105,1%-ға, артса, түйе 561 бас, (өткен жылы 641 бас) 87,5%-ды, құс 443,3 мың бас (өткен жылы 553,8 мың бас) 80,1%-ға орындалды.

Түйе басы Жеңіс ауыл округіндегі «Мерей-Н.С» ЖШС есебінен кеміді. Серіктестік жасы жетіп, сүт беру қуаты төмендеген түйе бастарын сатып, ағымдағы жылдың наурыз айында өнімді бағыттағы 80 бас түйе алуды жоспарлап отыр.

Айта кетерлігі, биыл аудан ауылшаруашылығы саласында 43 млрд 931 млн. теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндірілді, өткен жылмен салыстырғанда (35 млрд 316 млн. теңге) 110 пайызды құрап, 6 млрд .615 млн. теңгеге артты. Оның ішінде, мал шаруашылығы 22 млрд. 860 млн. теңгені құраса, егін шаруашылығы 21 млрд.009 млн. теңгені құрады.

Ордабасы: Сүт фермалары көбейді
Ордабасы: Халықты жұмыспен қамту бірінші кезекте
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу