Түлкібас: Дәріханаларға мониторинг жасалды

Oinet.kz 14-07-2020 523

image.png

Түлкібаста дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау және оның бағасын өсіруге жол бермеу мақсатында мониторинг жүргізілді.

Аудан аумағындағы дәрі-дәрмек бағасын реттеп, үнемі бақылауда ұстау мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы штаб үздіксіз мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Мониторинг барысында әр дәріхананың кіре-берісіне сол дәріханадағы бар дәрілердің тізімі мен шекті бағалары көрсетілген парақшалар ілінуде. Егерде дәріханашы дәрі-дәрмекті парақшада көрсетілген бағадан қымбат сататын болса жазаланатын болады. Мониторинг жұмысы бекітілген кестеге сәйкес күнделікті үздіксіз жүргізілуде және аудан әкімдігінің тікелей бақылауында.

Арнайы мониторингтік топтың және жастар мәслихаты өкілдері мен қоғам белсенділерінен құралған арнайы жұмысшы топ бірқатар дәріханаларды аралап, дәрі-дәрмек мөлшері мен олардың бағасына мониторинг жүргізді.

Түлкібас: Дезинфекциялық жұмыстар күшейтілді
Түлкібас: Еріктілер ауруханаға техника тарту етті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу