Түлкібас: Дезинфекциялық жұмыстар күшейтілді

Oinet.kz 15-07-2020 823

image.png

Жаһандық дертке айналған коронавирус індеті мен пневмания елімізде әлі де болсын өршіп тұр. Сын сағаттарында карантин талаптарын сақтап, жеке гигиенаны қатаң тәртіпке алу әрқайсымызға борыш.

Бүгінде ел аумағындағы барлық дерлік қала, ауыл-аудандарда жүйелі түрде дезинфекция шаралары қолға алынған.

Түркістан облысы Түлкібас ауданында дезинфекциялық жұмыстар күшейтілді, хабарлайды «Хабар 24». Бір ғана аудан орталығының өзінде күніне 10 мың шаршы метрді құрайтын аумақ арнайы ерітіндімен зарарсыздандырылып жатыр. Әсіресе, халық көп шоғырланатын саябақ, аялдама және көп қабатты үйлердің аулалары басты назарда. Эпидемиологиялық қызмет мамандары балалардың ойын алаңдары мен жаяу жүргіншілер жолы және көше орындықтарының дезинфекциялануын ұдайы қадағалап отырады. 
"Зарарсыздандыру жұмыстары тәулігіне екі рет жүргізіледі. Дезинфекция жұмыстарына аудан аумағында екі мекеме тартылған. Екі мекеме өзінің тұрақты орындары бар. Күнделікті екі жаққа бөлініп, екіжақты жұмыстар атқарылады", - дейді Мадияр Мырзатаев, аудандық ТКШ бөлімінің бас маманы.

Алдағы уақытта да аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мен денсаулықтарын сақтау мақсатында дезинфекция шаралары күшейтілетін болады.

Қазығұрт: Кәсіпкер медицина мекемесіне 5 жасанды тыныс алу аппаратын алып берді
Түлкібас: Дәріханаларға мониторинг жасалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу