Түлкібас: Әкім елорда күнімен құттықтады

Oinet.kz 06-07-2020 438

image.png

Қадірменді жерлестер!

Баршаңызды әсем қаламыз Елорданың бой көтергеніне 22 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен осынау аз ғана жылдың ішінде Елордамыз дәулеті тасып, сәулеті асқан жер жаһандағы сұлу шаһарлардың біріне айналды. Тарихқа сәл шегініс жасап, Елордамыздың жылнамасына көз жүгіртер болсақ, сонау 1997 жылдың 20 қазанында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола қазақ елінің астанасы болып жарияланған күн еске түседі. Сол жылдың қара күзінде Мемлекет басшысы жаңа астана төрінде республикамыздың мемлекеттік нышандарын орталық алаңда салтанатпен қарсы алған болатын. Міне, осы сәттен бастап, Алатаудың бөктеріндегі әсем қала Алматыда қоныстанған мемлекеттік органдар Арқа төсіне атбасын бұра бастаған еді. Ал 1998 жылдың 10 маусымында әлем картасында пайда болған жаңа астананың халықаралық тұсаукесері өтті. Дегенмен, 2006 жылдан бастап елорда күні 10 маусым емес 6 шілде күні кеңінен аталып өтуде.

Былтыр Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен еліміздің бас қаласына Елбасының есімі «Нұр-Сұлтан» берілді.
Елордамыздың 22 жылда жеткен жетістігі тек ғана Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарының жетістігі емес, Сіз бен біздің де жетістігіміз деп санаймын.

Елбасымыз жаңа астананы таңдауды 32 өлшем бойынша жүрізген еді. Соның ішінде аса маңыздылары: әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, климат, ландшафт, сейсмологиялық жағдай, қоршаған орта, инженерлік және көліктік инфрақұрылымның болуы, оның болашағы, коммуникациялар, құрылыс кешені және еңбек ресурстарының болуы. Ал сол барлық өлшемінің негізінде тәуелсіз Қазақстанның әкімшілік және саяси орталығын Ақмола қаласына орналастыру нұсқасы мейлінше оңтайлы болып шыққан еді. Бүгінде бұл шешiмнiң дұрыс болғандығына ешкiм де күмән келтiрiп, дауласпайды.

Құрметті Түлкібастықтар!

Айтулы мерекелеріңізбен тағыда құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақыт пен береке тілеймін! Еліміздің бас қаласының мерейі арта берсін!

Ізгі ниетпен, Түлкібас ауданының әкімі Н.Байғұт

Қазығұрт: Шектеу шаралары күшейді
Түлкібас: Сақтық шаралары қатаң бақылауда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу