Түркістанның ауыл шарушылығы 3 бағытта дамиды

Oinet.kz 25-06-2020 566


Screenshot_5.png

  Түркістанның айналасында азық-түлік белдеуі қалыптасып келеді.  Қазіргі таңда ерте пісетін 245,4 мың тонна көкөніс,  пленка астында егілген яғни ерте пісетін 11  мың тонна бақша,  22,3 мың тонна картоп пен 2 мың тоннаға жуық   жеміс-жидек жиналған.  Бұдан бөлек, 727,2 мың тонна мал азығы дайындалған. Жалпы Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 140 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 102,1 пайызға жетіп отыр. 

Мұндай мәліметтер жуырда Кентау қаласы Шаға ауылында өткен «Егінжай – 2020» атты ауыл шаруашылық облыстық семинар-кеңесінде айтылды. Аталған семинар агроқұрылымдарды ірілендіре отырып, заманауи озық технологияларды енгізу мақсатында өткізіліп отыр. Осы бағыт аясында Түркістан қаласы аумағында 1458 шаруашылық  9 кооперативке бірігіп,  11 мың гектарға жаңбырлатып суару технологиясын ендіру көзделген болатын. 

Семинарда сөз алған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев  мемлекет басшысы тапсырмасына орай  Түркістан облысының табиғи-климаттық жағдайын, мүмкіндігін ескере отырып, негізгі 3 бағытты дамытуға басымдық берілетінін тілге тиек етті.       

«Бірінші бағыт – агроқұрылымдарды ірілендіре отырып, заманауи озық технологияларды енгізу. Екінші бағыт – «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасын кеңінен ендіру. Үшінші бағыт – жеке үйіргелік қосалқы шаруашылықтардың ауласына тамшылатып суғару технологиясын ендіру арқылы ерте пісетін көкөніс, картоп, бақша өнімдерін өндіру», – деді Өмірзақ Естайұлы.

Семинар барысында Түркістан қаласын көркейту мен абаттандыру және дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін  қала, аудан әкімдері мен басқарма басшыларын Түркістан облысы әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.


Жылына 2-3 өнім алу жобасы сәтті жүзеге асуда
Ерікті жастарға Елбасының Алғыс хаттары тапсырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу