Түркістанда халықаралық деңгейдегі туризм университеті ашылды

Oinet.kz 25-06-2020 999

Screenshot_3.png


Түркістан туризмнің ордасына айналады. Бүгінде киелі қалада осы мақсатта көптеген туристік нысандар салынуда. Енді міне, туризмді дамытатын кәсіби маман даярлау мәселесі де қолға алынып жатыр. Түркістан қаласында  Мәдениет және спорт министрлігі жанынан Халықаралық туризм және меймандостық университеті құрылды. Жаңа оқу ордасы Елбасының бастамасы негізінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылып отыр.

          Қазақстандағы халықаралық деңгейдегі тұңғыш университет туризм саласындағы әлемдік деңгейдегі мамандар дайындайтын болады. Туристік бизнестің нақты қажеттілігі ескерілген университеттің 4 жылдық білім беру бағдарламасының нәтижесінде түлектер халықаралық үлгідегі екі диплом алады. Бұл олардың әлемнің кез-келген жерінде өз мамандығы бойынша еш кедергісіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Онда отандық және шетелдік профессорлар, ғылым докторлары мен туризм және сервис саласындағы алдыңғы қатарлы ірі компаниялардың ТОП-менеджерлері дәріс оқиды. Сондай-ақ, түлектер тәжірибесін БҰҰ Халықаралық туристік ұйымында (UNWTO) жетілдіретін болады.

Елбасының «Екі-үш жылдың ішінде Түркістан жайнап, басқа қала болып, еңсесі көтеріліп, бәріміздің қуаны¬шы¬мызға өсіп-өркендейтін болады» деген сөзі ақиқатқа айналып келеді. Киелі қалада құрылыс қарқын алып, ел мақтанышына айналатын іргелі нысандар бой көтеріп жатыр. Бүгінде Түркі¬стан тұрғындарының тұрмыс-тіршілігінде, қоғам өміріне көз¬қарасында оң өзгеріс көп. Аз уақытта жаңа шағын аудан салынып, көне шаһар көркейіп, абаттандырылды.


Өмірзақ Шөкеев «Халық алғысы» медальдарын табыс етті
Жылына 2-3 өнім алу жобасы сәтті жүзеге асуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу