Темірланда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Oinet.kz 19-06-2020 634

Screenshot_19.png


Түркістан облысы Ордабасы аудан орталығында Қажымұқан, Рысқұлов, Әзімбаев, Жепаев және Тұрманжанов көшелерінде күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан Темірлан елді мекені Қажымұқан көшесіне бюджет есебінен жалпы 456 620,8 мың теңге қаржы қарастырылған. Жолдың жалпы ұзындығы 1,6 шақырымды құрайды.

Қажымұқан көшесінде қазіргі таңда асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүруде. Сонымен қатар, аяқ жол - 2500 метр, веложол 2500 метр, торщер - 120 дана, жарықтандыру құралдары - 60 дана және 3200 метрге лотоктар орнатылды. Көшенің орта тұсына көріктендіру мақсатында түрлі гүлдер отырғызылған.

Ағымдағы жылда 26 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Сондай-ақ,  Темірлан елді мекенінде Қазыбек би көшесінің бойынан арбат аумағын абаттандыру жұмыстары ағымдағы жылдың 16 мамырында бастау алды және ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Жалпы құны – 246 104 мың теңге қаржыны құрайды.

Жалпы алғанда арбат аумағында 7 900 шаршы метр аяқжол төселіп, 2 100 шаршы метр аумақ көгалдандырылып, 41 орындық (қоқыс жәшігімен) орнатылатын болады.

Қазіргі таңда, жер жұмыстары (тегістеу, бұзу жұмыстары) толығымен орындалды және су жүйесін жүргізу - 50%-ға, электр қуатының жүйесін жүргізу - 50%-ға, аяқжол төсеу - 10%-ға аяқталып, сахна, арка, 3 фонтанның құрылыс жұмыстары басталды.


Түлкібас: Жергілікті сүт өндірісі талқыланды
Ауыл әкімдеріне арнап семинар өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу