Отырарлық еріктілердің оң бастамасы

Oinet.kz 19-06-2020 559


Screenshot_18.png

Мемлекет Басшысының Жарлығымен 2020 жыл – Еріктілер жылы болып белгіленгені баршаңызға белгілі. Айтулы жыл аясында Түркістан облысы Отырар ауданында ерекше бастамалар мен жобалар қолға алынып, айрықша жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрлық нысанда пайдалану дағдылары бойынша оқу курсынан өткен еріктілер, бүгінгі таңда өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында келушілерге көмек көрсетуі іңкәр өлкедегі іргелі істердің бірі болып отыр.

Аталмыш бастама Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру» жобасы аясында жүзеге асырылуда.

Маусым айынан бастап еріктілер тұрғындарға электронды үкімет порталын пайдалану және мемлекеттік қызметтерді алуға онлайн тапсырыстар беру, egov, telegrаm желісінде қызметтер алу, кезекті алдын ала брондау, балабақша кезегіне қою жолдарын үйретуде.

Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушы азаматтарға ақпараттық парақшалар таратқан еріктілер мобильді қосымшалар арқылы онлайн қызметті үйден шықпай-ақ алуға болатындығын айтып, цифрлық технологияларды үйренуге шақырды.


Тың технологияны енгізгендерге жеңілдетілген несие беріледі
Түлкібас: Жергілікті сүт өндірісі талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу