Тың технологияны енгізгендерге жеңілдетілген несие беріледі
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен өңірімізде бір алқаптан 2 немесе одан да көп өнім алу және үй іргелік жерлерді тиімді пайдалану ісі қолға алынып, қарқынды жұмыстар Отырар ауданында басталып кетті. Бұл туралы аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа жобаларды енгізу бойынша аудан басшысы Әбдіғали Жүнісовтің тапсырмасына сәйкес ауыл округі әкімдерінің ұйымдастыруымен іске кіріскен аудан шаруалары алғашқы өнім алудың қамына кірісіп кетті.
Аталған жұмыстардың барысымен танысу, шаруаларға мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін насихаттау мақсатында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Батырбек Сыздық Аққұм, Көксарай ауыл округтеріндегі бірқатар ірі мен жеке үй іргелік жерге түрен салған шаруалармен кездесті.
Бөлім басшысы шаруаларға бір алқаптан 2-3 өнім алудың ерекшеліктері мен экономикалық тұрғыдағы пайдасының орасан екенін жеткізіп, осы бағытта атқарылған жұмыстардың барысымен танысып шықты. Сонымен қатар, үйіргелік жерлерге тың технологияларды енгізіп, отбасылық кәсіпті ашуға ниетті азаматтарға мемлекет тарапынан айрықша назар аударылып отырған, тың технологияларды пайдаланған жағдайда жеңілдетілген несиелер мен қайтарымсыз гранттар берілетіндігін айрықша атап өтті.
Бүгінгі таңда, Еділ Досалы, Дүйсен Ашықбайлар өздерінің үй іргелік жерлеріне тамшылатып суару әдісімен картоп және күзде пісетін қияр егу жұмыстарын жүргізсе, Бақытжан Орынбасаров 2-3 өнім алу жобасы аясында сәуір айының басында 10 га жерге еккен бақша дақылдары бүгінгі таңға пісіп, өнімін жинауға дайын.
Шаруашылық иесі Бақытжан Орынбасаровтың айтуынша маусым айының соңында 7 га жерден 90 тоннадан астам қарбызды шет елге шығаруды жоспарлап отыр. Осы дақылдарын жинап біткен соң екінші өнімге сүрлемдік жүгері мен көкөніс дақылдарын егуді жоспарлап отырғандығын жеткізді.
Көпшілікті сүйсінткен берекелі іс ауданымыздағы өзге ауыл округтерінде де жалғасын тауып, отбасылық кәсіп ашушылар қатарының артатын күні де алыс емес