Баға облыс басшыларының бақылауында
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы облыс әкімінң баспасөз қызметі хабарлады. Соңғы екі күнде облыс орталығындағы бағаның өсуіне байланысты аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының Төтенше жағдайға байланысты көтерілуін болдырмау және оның алдын-алу шараларын қабылдау мақсатында мобильді топ құрылды. Нәтижесінде Түркістан қаласындағы «Қуаныш» және «Алтын бұлақ» базарларында көрші облыстардың көтерме сатып алушыларының ірі көлемде азық-түлікті сыртқа әкетуінен негізгі әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының бағасы 30-40 теңгеге (40-60 пайыз) қымбаттап, тауар тапшылығы орын алғаны анықталды.
Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің жетекшілігіндегі Мобильді топ құрамына: облыстың аудан, қала әкімдері, кәсіпкерлік және сауда, ауыл шаруашылығы басқармалары, Прокуратура, Түркістан облысының бәсекелестікті қорғау және дамыту, Мемлекеттік кірістер, Полиция, Экономикалық тергеу, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшылары және Кәсіпкерлік палатасының директоры, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өкілдері кірді. Түркістан облысы аумағындағы сауда нысандардағы бағаның көтерілуін болдырмау іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмысшы топ толық құрамда базарларға шықты. Барлық кɵтерме таратушылармен сату бағасы белгiлендi. Кентау, Отырар және Созақ аудандарының əкiмдерi бастап келген кɵтерме сатып алушыларға қажеттi кɵлемiн тɵмен бағамен тиеп əкетуге жағдай жасалды. Сенбi, жексенбі күнгi базар нарқынан: картоп-35 теңге (120-130); пияз, капуста-20 теңге (75-80) тɵмен. Ұн, макарон, май, күрiш, құмшекер т.б. бекiтiлген шектi мəн тɵңiрегiнде. Бағалар тұрақты. Базарларда адам саны қалыпты, дүрлiгу жоқ.
Одан әрі, мобильді топ Түркістан қаласындағы бірқатар супермаркеттерді аралап, азық-түлік дүкендердiң қалыпты режимде қызмет iстеп жатқандығын, сатып алушылардың саны кɵп еместiгiн, азық-түлiк қорының жеткiлiктi екендiгiн жəне бағалардың негiзсiз ɵсiмi орын алмағандығына кɵз жеткiздi. Баға өсу фактілері бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті тарапынан тиісті шаралар қабылданды. Орын алған жағдайға байланысты, азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеу және жасанды тапшылыққа жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тɵтенше жағдай кезеңiндегi талаптардың орындалуын қатаң сақтау ескертiлдi.
Мобильді топ Қызылорда облысының шекарасында орналасқан Сауран ауылдық округіндегі блокпосттың жұмысымен, азық-түлік тасымалдану жағдайымен танысты. Жалпы бұл мәселелер облыс басшылығының тұрақты бақылауында болады.