Өңір басшысы Түркістандағы құрылыс нысандарын аралап, тұрғындармен жүздесті

Screenshot_4.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жергілікті тұрғындармен жүздесті. Аймақ басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.

Облыс басшысы алдымен салынып жатқан Әкімшілік-іскерлік орталығында болды. Бүгінде ғимараттың құрылыс жұмыстарын 2019 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда онда облыстық әкімдік пен басқармалардың және департаменттердің ғимараттарының құрылысы жүруде.

Сондай-ақ, Өмірзақ Естайұлы бастаған топ «Нұр-Сұлтан» алаңы мен Медиа орталықта болды. Алматы қаласының тапсырысымен салынып жатқан нысанның жалпы көлемі – 3 мың шаршы метрді құрайды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2019 жылдың ақпан айында басталған болатын. Түркістан қаласының рухани-мәдени аймағында Қостанай облысының тапсырысымен «Неке сарайы» салынуда. Оның жалпы аумағы – 0,36 га. Бұдан бөлек, Әкімшілік-іскерлік орталығынан бой көтеретін көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Онда 12 көпқабатты 36 тұрғын үй кешенін салу жоспарлануда. Жалпы ауданы 207,3 мың шаршы метр болатын «Фев групп» ЖШС-і өз қаржысы есебінен 1980 пәтерлі тұрғын үй салынады.

Сонымен қатар өңір басшысы күрделі жөндеу жүріп жатқан Түркістан магистралды су арнасында болды. Кентау тасжолының бойына отырғызылған көпжылдық ағаштардан алдағы көктемде айнала жасыл желекке бөленбек. Аймақ басшысы егілген көшеттерді баптап, бақылауды мұқият қадағалауды тапсырды. Өмірзақ Шөкеев ауқымды алқапта бой көтерген «Желілік саябаққа» тоқталып, ондағы балалар ойын алаңын аралап көрді. Өңір басшысы тиісті салалық жетекшілерге жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының сапасы мен бекітілген кестеге сәйкес аяқталуына баса назар аударып, бақылауды күшейтуді жүктеді.

Өмірзақ Естайұлының қала аумағын аралауына куә болған жергілікті тұрғындар облыс басшысына өз алғыстарын айтты. Қала тұрғындары күллі Қазақстан қас қақпай қарап отырған Түркістан аймағының дамуына облыс әкімінің қосып жатқан үлесінің маңызды екенін айтып, ризашылығын білдірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда көпқабатты үйлерде газды тұтыну ретке келтіріледі
  • Түркістандықтар «Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында жүлдегер атанды
  • Ата кәсіпті дәріптейтін ағаш ұстасы
  • Түркістанда іскер әйелдер форумы өтті
  • Рашид Аюпов: «Жастардың идеяларын қолдауға барынша жағдай жасау керек»
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика